Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева желіде жазба қалдырып, елдің қызу талқысына түсті. Көпшілік оның бала көтере алмай жүргенін алға тартқан, деп хабарлайды Paryz.kz.
Айтыскер ақын желіде жан сырын ақтарды.
«Өзі күшіңе күмәнмен қарама! Біреулердің «қолыңнан келмейді» деген сөзін тыңдап арманыңнан бас тартпа! Адам баласы саналы, қабілетті! Ел жасап жатқанды сен жасайсың. Болашаққа сеніммен қара! Қорықпа! Өзгеріс деген бір күнде арықтау емес! Бір күнде білімді боп кетпейсің. Бір күнде үй соғылмайды! Бала туылмайды! Бәріне уақыт керек! Сабыр ет! Өзгеріс ойдан басталады!
Жақсы ойла! Өз үніңді тыңда! Сыртыңнан сөйлеген адамдарға емес, ішкі жан дүниеңдегі әлеміңе үңіл! Сен мықтысың! Сен! Аллаға! Сүй! Өзіңді! Сен ақылдысың! Тек қана алға!», — деп жазды ол.