Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Нағыз халықтың ақшасын сыпырып алу!": Мусин ХҚКО-да комиссия ұстау мәселесін көтерді

"ІІМ-мен бірлесіп, мәселені пысықтаймыз. Қазірдің өзінде вице-министрмен хабарласып, бірлесе жұмыс істеуге келістік. 8 терезеде көші-қонмен айналысатын қызметкер қабылдауы керек, ал ол 13:00-ден бастап 16:00-ге дейін болған жоқ", - дейді ол.

"Нағыз халықтың ақшасын сыпырып алу!": Мусин ХҚКО-да комиссия ұстау мәселесін көтерді
фото: ашық дереккөз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елордадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне "құпия сатып алушы" ретінде барды. Кейін ол сонда өз көзімен көрген мәселелер туралы сөз қозғады, деп жазды paryz.kz.

"Уақыт арасында ХҚКО-ны "құпия сатып алушы" ретінде тексеруді жалғастырудамын. Бүгін ескертусіз Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО-сына бардым. Мен келушілермен сөйлестім және екі мәселеге назар аудардым.

Біріншіден, түбіртектерді төлеу барысындағы өте қымбат комиссиялар! Біз Kaspi-мен бірге, QR-кодтар бойынша төлем жүйесін біріктіру арқылы бір қадам жасадық. Келесі қадам – ХҚКО-да оператор "адами" комиссиялар үшін қызмет көрсетуге дайын екінші деңгейдегі банктер болуы үшін конкурс ойнату. Ағымдағы кезеңде болып жатқан жағдай – нағыз халықтың ақшасын сыпырып алу. 450-ден 3 мың теңгеге дейін тек комиссия! Мәселені шілде айының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде шешу міндетін қойдым.

Екіншіден, ауқымды көші-қон ағындары. Олар ХҚКО-ға барған кезде көпшіліктің жиналуына әкеледі. Бұл ретте бір ғана терезе жұмыс істейді. Біз проблеманы шешу мақсатында қай уақытта көп немесе аз келуін анықтаймыз. ІІМ-мен бірлесіп, мәселені пысықтаймыз. Қазірдің өзінде вице-министрмен хабарласып, бірлесе жұмыс істеуге келістік. 8 терезеде көші-қонмен айналысатын қызметкер қабылдауы керек, ал ол 13:00-ден бастап 16:00-ге дейін болған жоқ!

Бұл туралы ІІМ әріптестеріне хабарладым. ХҚКО-лар өз кезегінде еңбек көшіп-қонушыларына ауқымды ағымдарды ескере отырып, қызмет көрсету үшін қосымша терезелер ұйымдастыруы керек. Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО-лары флагман болуға тиіс. Мұндай сапарлар әрдайым хабардар болуға және жағдайды бақылауға көмектеседі.

Қазір Мемлекеттік корпорацияның "кадр резервіне" конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын ескертемін. "Кадр резервіне" іріктелгендердің ішінен ХҚКО басшылары іріктелетін болады", - деді Бағдат Мусин.