Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Руслан Берденов отадан кейін ес жиып, алғашқы сөздері жария болды

Mәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров Руслан Берденовтің жағдайын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Руслан Берденов отадан кейін ес жиып, алғашқы сөздері жария болды
фото: әлеуметтік желіден

Үш оқ жарақатын алған әкім орынбасары операциядан кейін есін жиып келеді.

– Адамдар есін жиғанда көбіне балалары жайлы, басқа дүниелер туралы сұрайды. Ал Руслан Арысбекұлы қайта-қайта: «Маған жұмысқа бару керек», – деп айтып жатты. Тіпті аурухана төсегінде жатқанын да түсінбеді. Бұл оның қандай жан екенін көрсетсе керек, – деді Айдарбек Ходжаназаров Мәжіліс кулуарында журналистерге берген сұхбатында.