Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Тараздық кәсіпкер ТҚКС аумағын кеңейту үшін зират бетін тегістеп тастаған

Басы дауға қалған атқамінерлер қорымның аумағына қоршау қойып береміз деп отыр...

Тараздық кәсіпкер ТҚКС аумағын кеңейту үшін зират бетін тегістеп тастаған
фото: видеодан скриншот

Таразда бейіт үстінінен құрылыс бастаған кәсіпкер жергілікті тұрғындардың ашу-ызасына тиді. Енді жұрт ата-бабаларының мәңгілік мекеніне тыныштық беруді талап етіп отыр, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ал кәсіпкер түнделетіп келіп, ауыр техникамен зират бетін тегістеп, қоршау салып жатыр. Тұрғындар жергілікті биліктен кәсіпкердің бұл қылығына тоқтау қоюды сұрады. Тастақ ақсақалдары жиналып, орын алған бассыздыққа ашулы екендерін жеткізді.

"Мола үстіне бизнестерін жүргізейін деп жатыр. Біз жайлап түсіндірдік, әруақ сыйлаған халықпыз, ондай болмайды, біз тұрған кезде салдырмаймыз", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Елдос Қырықбаев.

Ел тұрғындары жергілікті биліктің мынадай әрекетке қалай рұқсат бергенін түсіне алар емес.

Айта кетсек, кәсіпкер қорымға тиіп тұрған техникалық қызмет көрсету стансасы аумағын кеңейту үшін 2017 жылы 3 соттық жер алған. Мұны жергілікті әкімдік айтты. Қосымша құрылысты бастау үшін қоршаудың қазығын қаққан. Ал қазық зираттардың үстінен өткен. Қалалық әкімдік өкілдері бұл жағдай ертеректе жіберілген қате шешімнің салдары екені жеткізді. Басы дауға қалған атқамінерлер қорымның аумағына қоршау қойып береміз деп отыр.

"3 сотық жер қорымның жеріне кірген. Қазір тұрғындардың наразылығы назарға алынып, ол берілген жерді басқа жерге ауыстырып беру жұмыстары жүргізілуде. Ол сол қорымның шекарасына қайта алынады, қоршалады. Ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмейтін болады осы уақыттан бастап", - деді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Біржан Башанов.

Даулы құрылыс алаңының иесінің айтуынша, ол аталған жерді бірнеше жыл бұрын өзге біреуден сатып алған. Бүгінде өзі қорымға қазық қаққаны үшін айыппұл арқалапты.