Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

ШҚО-да карантиндік шектеу шаралары ұзартылды

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

ШҚО-да карантиндік шектеу шаралары ұзартылды
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 2 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлады paryz.kz.

ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 2 сәуірге дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 2,7%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,954 құраған.

«Осыған дейін жарық көрген қаулыда «Театрлар мен кинотеатрлардың толтырылуы 30 пайыздан аспаған жағдайда бір уақытта 100 адамнан аспауы керек» деп жазылған болатын. Ал бұл құжатта «100 адам» деген сөз алынып тасталды. Яғни, енді театрлар мен кинотеатрлар жалпы сыйымдылығын 30 пайыздан асырмай көрермендерді қабылдай алады», - деп түсіндірді ШҚО Санитариялық эпидемиялогиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы Бағлан Тауанова.