Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Басқа ештеңе айтпаймын": Тоқтар Әубәкіров "қорықтан қасқыр аулағанын" жоққа шығарды

Батыр Сейкеновтің сөзіне сенсек, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров "Алтын дала" резерватының аумағына ат басын тіреп, аң аулаған.

"Басқа ештеңе айтпаймын": Тоқтар Әубәкіров "қорықтан қасқыр аулағанын" жоққа шығарды
Фото: ашық дереккөз

17 наурызда жеке кәсіпкер Батыр Сейкенов Facebook желісінде пост жариялап, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров жайлы "ғарышкер ме, браконьер ме?" деген жазба қалдырды, деп хабарлады azattyq-ruhy.kz.

Кәсіпкер бұл сауалды Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке жолдап, ерекше қорғалатын табиғи аумақ - "Алтын дала" резерватында қасқыр атуға Халық қаһарманының рұқсаты бар ма?" деген сұраққа жауап іздеді.

Батыр Сейкеновтің сөзіне сенсек, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров "Алтын дала" резерватының аумағына ат басын тіреп, аң аулаған. Ал резерват басшылығы бұл күндері табиғи аумақта ешкім болмағынан айтып ақталды.

"Мен өзім ешкімді көрген жоқпын. Тоқтар Әубәкіровті де көрген жоқпын. Неге менің өтірік айтуым керек? Бір-ақ ауыз сөз – көрген жоқпын. Бұл территорияға кіруге ешкімге рұқсат жоқ. Басқа ештеңе айтпаймын", - деді "Алтын дала" резерваты директорының міндетін атқарушы Дүйсеғали Айтбаев.

Ал Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров Торғай жаққа барғанын жасырған жоқ. Алайда, Astana TV тілшісіне берген жауабында нақты қай аумақта болғанын айтпады. Тіпті, ғарышкер аң атпақ туралы ойы болмағанын айтты.   

"Мен барғанмын. Оны әкім де, бәрі де біледі. Қолыма мылтық та алған жоқпын. Ойлаған ғой өзі (Батыр Сейкенов – ред.), соның аумағына кірді деп. Сосын не істейді? Мәселені көтеріп, айқау-шу жасаған. Не істесе де өзі біледі. Мен оған мән бергім келмейді", - дейді ғарышкер.

Тағы оқи отырыңыз: Тоқтар Әубәкіров мемлекеттік қорықтан қасқыр атпақ болған

Халық қаһарманы Батыр Сейкеновті жақсы білетінін, тіпті кезінде оған қолдау көрсетіп, қолтығынан демегенін айтты.