Астанада 7 жасар қызды зорлады деген күдікпен туған атасы ұсталды. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
"Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Астана қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.