Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Шығыс Қазақстан облысында 48 оқушы мектептегі астан уланып қалды

Мектепте облыстың бас педиатры, эпидемиолог және инфекционист, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысында 48 оқушы мектептегі астан уланып қалды
фото: ашық дереккөз

ШҚО Ұлан ауданының Бозанбай орта мектебінде оқушылар жаппай дене қызуына, лоқсу мен іш өтуіне шағымданды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Facebook-тегі ресми парақшасына жазды, деп хабарлады paryz.kz.

Сонымен, 18 наурызда кешке 48 бала өзін нашар сезінген, оның 19-ы Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына жіберілді.

"Алдын ала диагноз – жіті ішек инфекциясы немесе энтеровирустық инфекция. Мектеп асханасында тамақтануды жалға алушы жеке кәсіпкер ұйымдастырады. 18 наурыздан бастап мектеп карантинге жабылды. Оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді", - деп мәлімдеді басқармадан.

Аудандық ішкі істер бөлімі осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 304-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Мектепте облыстың бас педиатры, эпидемиолог және инфекционист, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Қажетті зерттеулер жүргізілуде", - деп толықтырды әкімдіктен.

Қазір аудан әкімдігі мен білім басқармасы балалардың улану себебін зерттеу бойынша ведомствоаралық комиссия құрған. Бақылауды әлсіреткені үшін аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.