Түркістан облысының полициясы есірткі сатушыдан 20-дан астам марихуана орамасын тәркіледі, деп хабарлайды paryz.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Жетісай ауданының аумағында есірткі заттарын өткізу фактісін тәркіледі.
Тексеру кезінде күдіктіден құрамында өсімдік тектес есірткі заттары бар 24 орама табылды.
Алынған заттың жалпы салмағы 1 келіден астам марихуананы құрады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жедел іздестіру іс шарасы кезінде ұсталған айыпталушы бұдан алдын да есірткі сатқаны үшін сотталған болып шықты.