Otyrar.kz мәліметінше қарияның денесі 12 наурыз күні түнде үй ауласынан табылған, деп хабарлайды paryz.kz.
Алдын-ала ақпарат бойынша қайтыс болған ер адам екі азаматпен бірге пәтерде ішімдік ішіп, соңы жанжалға ұласқан.
Екі танысы оны соққыға жығып, терезеден лақтырып жіберген. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Полиция күдікті ретінде 66 жастағы ер адам мен 44 жастағы үйсіз ер адамды ұстады.
«Адам мәйітінің ауладан табылуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу шаралары жүріп жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.