Америкалық қазақ қыз Қазақстаннан туған анасын іздеп жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Уральская неделья» басылымының желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Ая Блумер есімді бойжеткен АҚШ-тың Флорида штатында тұрады. 2007 жылы шетелдіктер оны Оралдың №2 балалар үйінен асырап алған.
«Мен 2004 жылы 2 мамырда тудым. Жақында 21 жасқа толамын. Қазақстан берген туу туралы куәлігімде менің шын атым - Төлепова Аяулым Нариманқызы деп жазылған. Мен әке-шешемнің атын білемін. Анамды 7 жыл бойы іздеп келемін», - деп жазылған қыздың хатында.
Айтуынша, әкесі туберкулез дертінен қайтыс болған. Ал Аяулымнан басқа 4 баласы бар анасы оны тастап кеткен көрінеді.