Елімізге белгілі әзілкеш Қанат Әлжапбаров пен Қайрат Әділгерей трендтегі видеоны түсірді, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
«Мен хотя бы…» деп аталатын желіде көптеп таралған тренд әзілкештерге де жеткен. Ойын барысында Қайрат Әділгерей өнердегі әріптесіне қарап:
Мен хотя бы әйелімнің көзіне шөп салмаймын, дейді.
Осы тұста желі қолданушылары Қайраттың бұл сөзі артық екенін жарыса жазды.
«Әзіл болса да әйелін ренжітетін сөз ғой», «Әр сөздің артында шындық бар», «Екеуі шөпті бірге барып салған сияқты ғой», «Қайрат ауыр айтты», «Білген соң айтып тұр ғой», «Қайраттыкі қате әзіл болды», — деді пікір қалдырушылар.