Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Танымал шоумен 8 наурызға сүйіктісіне зираттан орын сыйлаған

Ресейлік шоумен және музыкант Стас Барецкий Халықаралық әйелдер күніне ерекше сыйлық жасаған. Ол сүйіктісіне 8 наурызға зираттан орын сыйлаған, деп хабарлайды Paryz.kz.


Танымал шоумен 8 наурызға сүйіктісіне зираттан орын сыйлаған
Фото: istockphoto.com

«Стастям» басылымына берген сұхбатында Барецкий бұл сыйлықтың әзіл емес, керісінше, практикалық маңызы бар екенін айтты. «Өткен жылы сүйіктіме 8 наурызға зираттан жер телімін сыйладым, өйткені мен Кәсіби жерлеу агенттері одағының президентімін және мұндай сыйлықты ұсынуға мүмкіндігім бар. Әрине, басында ол маған ренжіді, бірақ әзілге жақын адам болғандықтан, сыйлықты қабылдады», – деді ол.

Шоуменнің айтуынша, ол мұндай сыйлықты жасауды жер телімдерінің бағасы үнемі өсіп келе жатқандықтан таңдаған.

«Мен оған бұл жай ғана әзіл емес, болашақта пайда әкелетін инвестициялық сыйлық екенін түсіндірдім», – деп қосты Барецкий.

Бұрын ол әйелдерге дәстүрлі сыйлықтар, парфюм секілді заттар сыйлағанын, бірақ соңғы уақытта ерекше әрі есте қаларлық сыйлықтар таңдауға тырысатынын айтты.