Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Үйге жылап келді, өзінікін беруге жарамаған»: Қызына гүлге ақша қоспаған ана мұғалімді кінәлады

Желіде 8 Наурыз мерекесінен кейін қызының мұғаліміне ренжіген ананың оқиғасы тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Үйге жылап келді, өзінікін беруге жарамаған»: Қызына гүлге ақша қоспаған ана мұғалімді кінәлады
Фото: Pixabay

Желі қолданушысының жазуынша, класс жетекшісі мерекеде қызын сыйлықсыз қалдырған.

"Апай менің қызыма гүл сыйламапты. 30 оқуышының алдында жер болып үйге жылап келді. Өзінің қолындағы бір шоқ шоқ гүлін сұрап бере алмпаты. Сенің мамаң ақша бермеген, саған берілмейді депті", - деп жазды ана.

Оқиға Астана қаласындағы мектептердің бірінде болған. Аталмыш жайтқа қатысты желі қолданушылары түрлі пікікр қалдыруда.

"Қазіргі заманда бәлеқор аналар көп. Баланы апайлар үшін емес, өзіміз үшін туамыз", "Ақша жинаған кезде қосылу керек. Баланың көңілінен артық ештеңе жоқ", "Жүз пайыз шешесі кінәлі", "Қанша проблемамыз болса да мектепке ақша жинауды ұмытпаппыз", - деп жазды олар