Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

«Бізді итке теңеп қойған»: Тұңғышбай Жаманқұлов театр одағы туралы өткір мәлімдеме жасады

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов үш мың мүшесі бар Қазақстан театр қайраткерлерінің одағының жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Бізді итке теңеп қойған»: Тұңғышбай Жаманқұлов театр одағы туралы өткір мәлімдеме жасады
Фото: ЭК

«Өз басым министрлік отырыстарында заңға түбегейлі болмаса да, біраз өзгеріс енгізу керек деп айтып едім. Өзінің құрамында 3 мыңға жуық мүшесі бар Қазақстан театр қайраткерлері одағының атынан айтқан сөзіміз ешқандай мәнге ие болмады. Себебі біз қазір қоғамдық ұйымбыз. Билік жоқ қолымызда. Біздікі сияқты одақтардың бәрін заң бойынша итті жақсы көретін одақтардың деңгейіне теңестіріп қойған», - деді Тұңғышбай Жаманқұлов әлеуметтік комитет отырысында.

Актердың айтуынша, театр жұмысы өте нәзік әрі ауыр. 

«Қазір театрда басшылық жайы өте үлкен проблема болып отыр. Бір ғана директор басқарады. Ал театрдағы штаттағы көркемдік жетекші деген лауазым, әншейін «свадебный генерал» сияқты ештеңе шешпейтін, жай суреттеп отыратын жағдайға жетті. Шығармашылық ұжымды басқаратын кім? Директор шығармашыл адам болмаса, оның жұмысы түсінікті. Ал көркемдік жетекші шығармашылық жағын реттейтін адам», - деді актер.