Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Бүгінгі Түркістанға риза емеспін» - Құлбек Ергөбек

Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында жақында мәртебе берілген Түркістан қаласының кескін-келбетіне көңілі толмайтынын, тарихи мұраларға әкімдердің немқұрайлы қарағанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Бүгінгі Түркістанға риза емеспін» - Құлбек Ергөбек
фото: видеодан скриншот

«Бүгінгі Түркістанға риза емеспін. Ресейдің ескісі Санкт-Петербург, Түркияның ескісі Стамбул. Осы сияқты айта беруге болады. Ескі қаланы облыс орталығына айналдыра ма, әлде арнайы мәртебе бере ме, оны жаңадан салуға болмайды. Бүл біріншіден, өз көзқарасым, екінші – тарихтан оқығаным, үшінші - Өзбекәлі Жәнібековтің айтқаны осы. Түркістан сияқты қаланы реставрация арқылы салуға болады. Ал біз Астананы қалай салдық, Түркістанды да солай «эстрадный» ғып салдық», - деді жазушы-ғалым.

Сұхбат барысында Құлбек Ергөбек Түркістан қаласының көне нақышы бұзылғанын, тарихи-мәдени ескерткіштеріне қиянат жасалып жатқанын мысалдармен дәлелдеп өтті.

Сонымен бірге ЮНЕСКО-мен қорғалатын аумақтарға сауық-сайран құратын нысандар салынғанына қынжылды. Тіпті, Болат Назарбаевтың туыстарына да жер беріліп кеткенін тілге тиек етті.