Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Өзбекәлі Жәнібековтей он адам болғанда...» - Құлбек Ергөбек

Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Өзбекәлі Жәнібековтей он адам болғанда Қазақстан қалай өзгеретінін елестетіп көрді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Өзбекәлі Жәнібековтей он адам болғанда...» - Құлбек Ергөбек
фото: видеодан скриншот

«Өзбекәлі Жәнібековтің дәуірінде Өзбекәлі Жәнібеков секілді он адам болғанда социалистік өрістің өзінде біз жаман республика болмас едік. Ал тәуелсіздік жылдары Өзбекәлі Жәнібеков секілді тағы он адам болғанда ел болып қатарға қосылып кеткен батысқа жақын республикалардың алдында болар едік. Жәй солардың алдында болып қана қоймай, Орталық Азияны соңымыздан ертер едік, Орталық Азия бүгінгідей тәуелділікте болмас еді. Өкінішке қарай сол, біз қашанда шын қайраткерді өз орнында көре алмайтын, көзі тірісінде бағалай алмайтын халықпыз. Өзбекәлі Жәнібектің өмірі осылай, толы өкініш», - деді Құлбек Ергөбек.