Композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы өлімі туралы жаңа ақпарат шықты, деп хабарлайды Paryz.kz Alash.KZ-ке сілтеме жасап.
Orda.kz сайты Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы өлімі жайлы жазды. 2024 жылдың 7 қазан күні кешке жас жігіттің денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйінде табылған.
Марқұмның қолдары байланған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлімнің себебі – механикалық асфиксия. Жас жігіт қазасынан бір күн бұрын анасының қоңырауларына жауап бермеген.
Қайғылы оқиғадан бұрын оның анасына ұлының досы хабарласып, 95 млн теңге қарызы бар екенін және оны 5 күн ішінде қайтару қажеттігін айтқан.
Қатты алаңдаған анасы ұлының пәтеріне барып, оны қолдары байлаулы, асылып тұрған күйінде тапқан. Іс бойынша үш сараптама жүргізілген. Олардың барлығы жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағанын растаған.