Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа қатысты тың деректі айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Бейсембай Кенжебаев Нұртас Оңдасыновпен Ташкенттегі №4 жетім балалар үйінде бірге оқыған. Екеуі дос. 1940 жылдары Нұртас Оңдасынов Қазақ КСР Үкіметінің төрағасы, қазіргі тілмен айтқан премьер-министр болып тұрғанда Бейсекең кіріп, Қонаев туралы айтып, рекомендация берген ғой. Ол кезде Дінмұхамед Қонаев бір зауытта жұмыс істеп жүрген. Кенжебаевтың сөзінен кейін Оңдасынов Қонаевты алдырып, Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары тағайындайды», - деді жазушы-ғалым.
Құлбек Ергөбектің айтуынша, Б.Кенжебаев Қонаевтың саяси мансабының басталуына себепкер болғаны ақиқат. Дегенмен Қонаев бірінші хатшылыққа дейін өзінің еңбегімен, алғырлығымен жеткенін атап өту керек дейді.