Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Испанша күлесің бе, үндіше күлесің бе»: Ханбибі Есенқарақызы Бақытжан Бұқарбайдың сынына жауап берді

Ақын Ханбибі Есенқарақызы жазушы Дулат Исабековтің қаралы жиынында сөйлеген сөзіне қатысты сын айтқан Бақытжан Бұқарбайға өз жауабын берді,деп хабарлайды Paryz.kz Тodayinfo-ға сілтеме жасап.

«Испанша күлесің бе, үндіше күлесің бе»: Ханбибі Есенқарақызы Бақытжан Бұқарбайдың сынына жауап берді
фото: әлеуметтік желіден

«Ерікті ауызға, бөрікті бас сияды. Сыйлайтын адамым болғандықтан, Дулат ағаның қаралы жиынына қатысу үшін, жасымның егделігіне қарамай, таңғы бестегі ұшақпен барып, түн жамылып үйіме жеткен едім. Ал таңертең Facebook-та мені кінәлаған жазбаны көріп, қайран қалдым», – деп жазды ақын.

Ақын қаралы жиында Дулат Исабековтің отбасына көңіл айтып, туған-туыстарымен құшақтасып көріскенін, бірақ сол сәтте Бақытжан Бұқарбайдың болмағанын атап өтті.

«Сыйлық туралы сөз қозғайын деген ойым болған жоқ. Тек Дулат ағаның прозаға келуіме үлкен әсер еткенін айтқым келді. Мемлекеттік сыйлық комиссиясының кейбір мүшелері менің прозаға қандай қатысым бар деп сұрағанда, сол жерде отырғандарға шындықты жеткізуді жөн көрдім», – деп түсіндірді ақын. 

Есенқарақызы өзіне тағылған сынға реніш білдіріп, «Нурикамал» әніне қатысты айыптаулардың да негізсіз екенін атап өтті.

«Бұл ән халықтың жүрегінен орын алып, 40 жылдан бері орындалып келеді. Егер ол сіздерге ұнамаса, әр көңілден жұлып алып, лақтырыңыздар! Бірақ ол қолдарыңыздан келмейді. Сондықтан да, тырнақ астынан кір іздеуден гөрі басқа нәрсемен айналысқандарың жөн. Сосынғы айтайын дегенім, жасы үлкен әріптестерге орынды-орынсыз тиісе беруді доғарыңдар. Ертең сендердің де келетін жасың! Әрине жете алсаңдар…Апалық ақылым — ерікті ауызға, бөрікті бас сиятыны естеріңде болсын. Содан кейін «испанша күлесің бе, үндіше күлесің бе күле беріңдер, күле беріңдер», — деді ол.