Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Әділдік сұраған әке: әйелім мен сәбиімнің өліміне кінәлілер жауап беруі тиіс

Өз аяғымен перзентханаға барып, табытпен оралды. Абай облысының 34 жастағы тұрғыны босану барысында жан тапсырған. Марқұмның жолдасы қайғылы жағдай дәрігерлердің салғырттығынан деп отыр. Қазір медициналық сараптама нәтижесін күтіп отырғандығын айтқан ол кінәлілердің жаза таратқанын қалайды, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Әділдік сұраған әке: әйелім мен сәбиімнің өліміне кінәлілер жауап беруі тиіс
фото: әлеуметтік желіден

Қайғылы оқиға 28 қаңтар күні орын алған. Үш баланың анасы Гүлнәр Қайратқызы 27 қаңтарда өз аяғымен перзентханаға барған. Жолдасының айтуынша, денсаулығына ешқандай шағым болмаған.

Алайда келесі күні таңнан бері әйеліне хабарласа алмапты. Кешкі 21:00 шамасында аурухана қызметкерлері көршісі арқылы ауруханаға келуі керектігін хабарлаған. Бір-біріне сілтеген аурухана дәрігерлері жары мен сәбиінің көз жұмғанын айтқан.

Әйеліме антибиотик салған, және тағы бір екпе салған. Ал, дәрігерлер салған жоқпыз деп ат тонын ала қашып отыр. Сот медициналық сараптама нәтижесі 28 ақпан күні дайын болады. Қазір барлығымыз соны күтіп отырмыз. Е-өтініш арқылы да министрлікке арыздандым. Арыз қаралуда деп тұр, - деген Ұлан Балапанов әйелі мен сәбиінің өліміне кінәлілер жазаға тартылуы керек деп отыр. 

Сонымен қатар марқұмның жолдасы жұмыстан шеттетілгендердің қайта жұмысын жалғастырып отырғандағын айтуда. Денсаулық сақтау басқармасына арнайы барған ол мардымды жауап ала алмадым дейді. Сот медициналық сараптамасының қорытындысы жоқ болғаннан кейін диагнозды түсіндіре алмаймыз. Жүктілік 40 апта 2 күн болып саналды. Нақты диагноз туралы медициналық тексеруден кейін толықтай түсіндіреміз.

Денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға байланысты Үржар аудандық ауруханасына мониторингтік топ жіберді.

Қызметтік тексеру жүргізілді. Жедел штаб құрылып, аудандық аурухананың бас дәрігеріне қатаң сөгіс берілді, - дейді Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы бөлімі басшысының орынбасары Әсем Орынбаева.

Қызметтен шеттелісе де жұмысын жалғастырып отырған ақ халаттылар туралы нақты ақпарат жоқ. Ал, полиция қызметі қайғылы жағдайға қатысты тергеу жүргізуде.