Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Аузына келгенін айтып боқтады»: Журналист Қыдырәлі мен Қарақаттың қарызы көп екенін жайып салды (ФОТО)

Танымал медиа маманы, журналист Гүлбану Әниятқызы көлік салығын төлемейтін өнер өкілдерін атады, деп хабарлайды Paryz.kz Өзгеріс сайтына сілтеме жасап.

«Аузына келгенін айтып боқтады»: Журналист Қыдырәлі мен Қарақаттың қарызы көп екенін жайып салды (ФОТО)
Коллаж: Stan.kz

БАҚ өкілі әншілердің салық төлеуі естерінен шығып кететінін айтты.

“Салық төлемей жүрген блогерлердің тізімі деп тарап жатыр екен. Айлық мүмкін жылдық табысы бәленбай млн, тіпті млрд бар. Сонда бұлардың инстаграмнан тапқан күндік табысы қанша?!

Баяғыда Салық органдары көлігінің салығын төлемейтін әнші-әртістердің тізімін беруші еді. Ерінбей бәріне хабарласып шығатынбыз. Сонда “ұмытып кетіппін”, “қайдағы қарыз” деп, тіпті кейбірі қорқытатын, “сен менің кім екенімді білесің бе?” дегендей. Қыдырәлі деген әнші аузына келгенін айтып боқтағаны есімде. Ең қарызы көп Қарақат екеуі еді. Бұл жолы олар тізімде жоқ екен”, – деп жазды журналист.