Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлының ана туралы айтқан сөзі жұртты еріксіз жылатты, – деп хабарлайды Paryz.kz.
Әнші Жандос Қаржаубай имамның сөзін концерттерінің бірінде айтып берді.
«Тікелей эфирде отырса, Нұрлан имамға «Әулие деген кім?» деп сұрақ қояды. Сонда Нұрлан ағамыз былай дейді: «Шырағым, сен үшін күн демей, түн демей, дұға етіп, атқа отырсаң, тақымыңды қысып, үйіңде әкеңнің шаңырағының отын сөндірмей отырған анаң – ең нағыз әулие», - деп әнші имамның сөзін келтірді.
Бұған желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Әр шаңырақтың қос әулиесі аман болсын, сау жүрсін, әумин!», «Әумин! Перзенттеріміз адал болсын, адал жар жолықсын», «Ата-ананың қартайған шағында солардың тілеуін тілеп, шүкір деп отыратын кез болсын», «Анамызды қадірлейік», - деп жазды желі қолданушылары.