Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Түркістан облысындағы ауруханада тарақан өріп жүр (ВИДЕО)

"Бұл - районный больница. Светіміз жоқ. Мынау жүрген тарақандар. Төсегімізде жүр. Не масқара мынау?! Вальске шақырып жатыр қайта-қайта бізді"...

Түркістан облысындағы ауруханада тарақан өріп жүр (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында ауруханада жатқан науқастар шағымданып жатыр. Олардың айтуынша, палаталарда жәндіктер өріп жүр екен. Бұл жағдайды қалт жібермей, видеоға түсіріп алған да, әлеуметтік желіге жариялаған, деп хабарлады paryz.kz.

"Бұл - районный больница. Светіміз жоқ. Мынау жүрген тарақандар. Төсегімізде жүр. Не масқара мынау?! Вальске шақырып жатыр қайта-қайта бізді".

"Еуразия бірінші" арнасының хабарлауынша, операциядан жаңа шыққан тұрғындар тарақандар ашық жараға кіріп кете ме деп қорқады. Ал жағдайды Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар өздерінше түсіндіруге тырысты.

"Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға тоқталатын болсақ, бүгінде Түркістан қалалық ауруханасында тарақандарға қарсы арнайы дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр. Біріншіден, ол науқастарға зиян келмейтіндей, барлық талаптар сақталатын болады. Екіншіден, бұл проблемамен қайта бетпе-бет келмес үшін түпкілікті жою мақсатында аурухананың басшылығымен бұл қатаң қадағалануда болады", - дейді облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Дана Сүлейменова.