Қайырымдылық дүкенінің иесі Дәулет Керейбаев мұқтаж жандарға халықтың жіберетін киім-кешегін көрсетіп, оқырманның жағасын ұстатты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«Бізге осындай киім жиі жібереді. Қайта өңдеу болмаған соң, бұлардың барлығы полигонға кетеді. Мысалы, сырты бүтін аяқ-киім берген. Бірақ ол мұнымен Меккеге жаяу барғандай. Асты тестік. Балалардың жуылмаған киімін де салып жіберіпті. Өте ескі киім екені көрініп тұр. Тізесі жыртық шалбарларды да жиі беріп жібереді. Оған қоса, шалбарлардың ауы да жыртық. Ескіргеннен жүні шыққан киімдеріңіз болса қайырымдылыққа емес, еден жууға қалдырыңыздар», - дейді әзіл-шыны аралас Дәулет Керейбаев.
Сондай-ақ ол қазақстандықтардың жуылмаған, ескі іш киімдерін де беріп жататынын айтты.
«Мен бұл киімдерді қолғапсыз ұстап тұрмын. Бірақ осындай ескі іш киімдерді жинасақ, бір қап шығаруға болады», - деді ол.
Блогердің оқырманы адам киюге жарамсыз киім-кешекті жіберген адамдарды сөккен.
«Мынаны кім жіберген? Осындай өздерінен қалған ескі-құсқы киімдерді біреу киеді деп ойлай ма? Бұл киімдерді лақтырып жіберу керек қой»,- деп жазған олар.