Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Instagram ересектерге жасөспірімдермен сөйлесуге тыйым салды

Ал егер жасөспірімнің өзі бастап ересек адамға жазғысы келсе, онда оған күмән туғызатын ескерту жасалады. 

Instagram ересектерге жасөспірімдермен сөйлесуге тыйым салды
фото: ашық дереккөз

Ендігі уақытта ересек азаматтар Instagram желісінде кәмелет жасына толмағандарға хат жаза алмайды, деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Instagram әлеуметтік желісі ересектер мен кәмелет жасына толмаған қолданушыларға деген саясатын өзгертті. Ендігі уақытта ересектер жасөспірімдерге SMS жаза алмайды. Бірақ ересек жасөспірімнің Instagram парақшасына тіркелген болса, онда жазуға тыйым салынбайды. Бұл шара балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз әрекеттерден қорғау мақсатында қолға алынып отыр.

Сондай-ақ кәмелет жасына толмағандарға өз жазылушыларынан бөгделерден Instagram профилін жабық түрде қолдануға кеңес береді. Ал егер жасөспірімнің өзі бастап ересек адамға жазғысы келсе, онда оған күмән туғызатын ескерту жасалады. 

Одан бөлек, Instagram желісі жасанды интеллект алгоритмін де жаңалады. Жаңа алгоритм қолданушының жасын анықтауға көмектеседі. Бұл өз кезегінде профиль ашқан кезде дұрыс жас мөлшерін көрсетпеудің алдын алады.