Айтыскер Айнұр Тұрсынбаева өнердегі інісі Жандарбек Бұлғақовтың үйінде қонақ болды, деп хабарлайды paryz.kz.
«Сырымның қонаққа шақырғаны жаман хит болды ғой… Жандарбек соны көре салып «ойбай, мен де шақырамын» деді ғой… Оның үстіне Қайша Керей екеуміз қосылып Маликаның туған күніне қымбат кроссовки алғанбыз… Соны да бермей кете ме деп қорықты-ау деп жамандап қойсаң. Арнайы аспаз шақырған… Қырғын қуырдақ, былқылдаған балық… Жақсы күтті , сөз жоқ!», — деп жазды Тұрсынбаева.
Сонымен қатар, өзін қонаққа шақырмаған адам қалмағанын айтып, күніне 3-4 сағат қана ұйықтағанын жасырмады.
«Жандарбектің әйелі өте әдемі екен», «Дастарханын жазбады ғой сыншылдар», «Күшті отырыс болды», — деп жазды желі қолданушылары. Айта кетейік, Айнұр Тұрсынбаеваны үйіне қонақ қылған ақын Сырым Әуезханның дастарханы сынға ұшыраған еді.