Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

«Рамазан Амантай қайтыс болды»: желіде суық хабар тарады

Желіде актер әрі продюсер Рамазан Амантай сушиден уланып, өмірден өтті деген ақпарат тарады. Актердің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарып, көпшілікті уайымдамауға шақырды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Рамазан Амантай қайтыс болды»: желіде суық хабар тарады
фото: видеодан скриншот

Актер Instagram желісіндегі парақшасында өзінің дін аман екенін айтып, бейнежазба жариялады.

"Желіде мен жайлы жалған ақпарат тарап жатқанын естідім. Уайымдап, қолдау білдіріп жатқан жандарға шын жүректен алғыс айтамын. Алаңдамаңыздар, менде бәрі жақсы. Бұл ақпараттың шындыққа еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеймін. Айтпақшы, бір жылдан астам уақыттан бері суши жемегенімді ескерсем, мұндай қауесеттер тіпті күлкілі көрінеді. Сондықтан уайымдамаңыздар, өздеріңізді күтіңіздер. Аман болыңыздар, 100 жасаңыздар және абай болыңыздар – сушиден уланып қалмаңыздар", - деп жазды актер өз парақшасында.