Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Асхат Садырбайдың бұрынғы енесі бар шындықты айтып берді

Журналист Асхат Садырбайдың экс енесі халыққа болған жағдайдың ақ қарасын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.


Асхат Садырбайдың бұрынғы енесі бар шындықты айтып берді
фото: әлеуметтік желіден

Желі қолданушысы экс күйеу баласының сөздері шындыққа жанаспайтынын алға тартады.

“Мен Айғанымның анасымын. Асхаттың сұхбатын көрдім. Оның бір сөзі де шындыққа келмейді. Біз екеуінің қосылуына қарсы болғанымыз рас. Асхаттың өткен өміріне байланысты еді. Ата-анаңның алдынан өтейін деп келгенде бірінші рет сол кезде көрдік. Сол кезде “Үлкен қызды ал” деп қай ата-ана айтады. Қыз ауыстырып қоятын зат емес қой.

Бұл Асхаттың қитұрқы әрекеті. Халықтың миымен ойнап отыр. Оның әрекеті адамды ашуландыруға апарады. Асхаттың қаны да, жаны да осылай жаратылған. Ол біз үшін бала. Онымен айтысып, тартыспаймыз. Тіпті сондай жағдай болса да, бәлеге қаласың. Ол өз сөзіңді өзіңе қарсы қолданады.

Асхат иман жолында жүрген бала емес пе?! Сұхбатта соның бәрін жиыстырып қойған. Қызымның көзінен ұрмадым дейді. Сонда кім ұрды?! Анаң ба?! Ендеше ұрған адамды сотқа бермедің бе?! Екі күн қызды ұстап, сотталып кетемін деп қорқып отырдың. Осындай жасқа келіп, өтірік өмір сүріп жүрсің”, – деп жазды Айғанымның анасы.