Прямая трансляция

Астана

Астана

-24.03°C

«Шені болса да арын жоғалтпаған»: Жолда қалғандарды үйіне қонақ қылған полицейдің әрекеті жұртты сүйсінтті

Қазақстанда ауа райының кенет суытуына байланысты, еліміздің біраз жолында көлік қозғалысы қиындады. Осындай жағдайлардың бірі Жамбыл облысында тіркелді. Осы тұста желіде Серік есімді полиция қызметкерінің жолда қалған жолаушыларды өз үйіне шақырған видеосы тарады, — деп жазады paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

«Шені болса да арын жоғалтпаған»: Жолда қалғандарды үйіне қонақ қылған полицейдің әрекеті жұртты сүйсінтті
фото: әлеуметтік желіден

Аталмыш видеоны саяхатшы-блогер Талғат Әли жеке парақшасына жүктеген.

«Таразда 1-2 күн жатып қонақ болмайсыздар ма? Біздің үйде болыңыздар, қазір үйде артық адам жоқ. Мекенжайым: Жұмабаев, 29а, әуежайдың дәл жанында тұрамын», — дейді Полиция қызметкері. 

Видео авторымен қосқанда төрт адам шынымен Серіктің үйіне жол тартады. Оның екеуі — шетел азаматы. Олар таңданыстарын жасыра алмай, қазақтың шынымен қонақжай халық екеніне көздері жеткенін айтады. «Айша бибі ауылының тұрғындары боранда жолда қалған барлық жолаушыларға үйлерін ашып, ыстық тамақ ұсынып жатыр. Серік есімді полиция қызметкері бізді жол үстінде тоқтатып, жол ашылғанша өз үйіне қонақ етті. Сонымен қатар, Тараз қаласының басқа да полиция қызметкерлері жолаушыларға қолдау көрсетуде», — деп жазды Талғат Әли. 

Полицейдің игі ісі желіде кеңінен тарап, 300-ден аса пікір жинайды.

«Міне, нағыз полиция қызметкері. Шеннің қызуына еріп, арын жоғалтпаған. Ұрпағымен мың жаса», «Қазақтың тектілігі мен жақсылығы осы», «Жүзі жылы ер азамат, түрінен-ақ көрініп тұр», «Серікке екі дүние бақытын берсін», — деп жарыса жазды олар.