Прямая трансляция

Астана

Астана

-24.03°C

«Қайтаратын ақшам жоқ»: 180 адамды қажылыққа апарамын деп алдаған жігіт көпшілік алдына шығып, ақталды

БАҚ-та Ырыскелді Мейіржан есімді наиб имам 180 адамды қажылыққа апарамын деп алдап кеткені жайлы ақпарат тараған болатын.

«Қайтаратын ақшам жоқ»: 180 адамды қажылыққа апарамын деп алдаған жігіт көпшілік алдына шығып, ақталды
фото: видеодан скриншот

Компания азаматтарға 10 күндік қажылыққа уәде берген. Кеше бір тәулік уақыт берілсе, бәрінің ақшасын қайтарып береміз деген. Фирманың иесі – Мейіржан Рыскелдиев деген 2001 жылғы жігіт. Оның үстінен алданғандар арыз түсірген. Алайда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы оның наиб имам екенін жоққа шығарды.

"Ырыскелді Мейіржан Бауырұлы еліміздің бірнеше аймағынан жүзден аса азаматты умраға алып барамын деп ақша жинап, уәдесін орындай алмаған. Мейіржан Бауырұлы ешқандай діни қызмет атқармаған және мешітте наиб имам болып жұмыс істемейді", – деді Діни басқармасында. 

"Бізден кейін халық алданбасын! Билік тарапы шара қолданып, шектеу қою керек. Нақты тексеру керек. Жарнама шықты ма, бірден құзырлы органдар қарауы керек. Бұрын айтқан бағасына 20 шақты адамнан апарып, әкеп тұрған. Біз бұл фирма туралы туысқанымыздан білдік. Умраны туркомпаниялардан алып тастау керек. ҚМДБ белгілеген компаниялар ғана Умраға бару керек", - дейді азаматтар.