Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Сараптама қорытындысы шықты - Ербаянның қорғаушысы Инга Иманбай

Құқық қорғаушы және заңгер Инга Иманбай Ербаян Мұхтарға қатысты қылмыстық іс пен сотқа қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сараптама қорытындысы шықты - Ербаянның қорғаушысы Инга Иманбай
Коллаж: Ulysmedia

- Дәл қазір біз Алматы қаласындағы әскери-тергеу басқармасының алдында тұрмыз. Мен жаңа ғана Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеушіге жолығып шықтым. Осы тұста анықтап айта кеткім келетіні – сот әлі болған жоқ. Ербаянның ісі тергеу сатысында. Дәл қазір Ербаянның жағдайына байланысты екі қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол әскерде болған жағдайға байланысты және ауруханадағы дәрігерлердің әрекетіне байланысты. Кейбір сараптамалардың қорытындысы шыққан. Кей сараптама жаңадан тағайындалды. Сондықтан дәл қазір сот қашан болатынын айтқан жоқ. Міндетті түрде тергеу барысында соттың қашан болатыны анықталған кезде хабар беремін, деді Инга Иманбай.