Әнші Мақпал Жүнісова Ертіс өзеніне көз тастап туған ағасын есіне алып, жылап қалды, — деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Сөзінше, туған ағасы 24 жасында суға кетіп қалған.
«Ертістің суы менің ағамды алып кеткен. Болат деген туған ағам бір қызды құтқарамын деп 24 жасында батып кетті. Қараған сайын жүрегім ауырады», — деп көз жасына ерік берді Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары қазақтың ерке қызының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
«Мүшел жасында кетіп қалған екен ғой, иманды болсын», «Біреуді құтқарып суға кетсе жәннатқа барады дейді», «Қанды Ертіс, талайы кетті», «Ағаңның иманы жолдас болсын», — деп жазды олар.