Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Маштесай ауылындағы түлектердің 40 жылдық кездесуінде математика пәнінің мұғалімі, жасы 93-тен асқан Нәбия Ғұбайдоллақызының есеп шығарғаны жұртты тәнті ентті,деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
40 жыл ұстаз болған ұстаздың жады ештеме ұмытпаған екен.
«Бұл - менің анам. Бұл - менің жұмағым. Тіл көзден аман болып, Алла қуат берсін. Осындай құрметтеті шәкірттері бар ұстаз бақытты ғой», - деп жазған ұстаздың қызы.
Желі қолданушылары әзіл-шыны аралас кейуанаға ізгі тілектерін жазған.
«Мен де ұстазбын, осылай қартаю - арманым. Апайдың есеп шығарғанын көріп, зейнетке 75 жаста шығады деп жүрмесін. Әжейдің жады тың екен. Осындай зейнеткер мұғалімді көру үлкен қуаныш», - деп жазған олар.