Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жетісу облысында 1 адамнан метапневмовирус анықталды

Жетісу облысында вирустық жұқпаларға тексерілген 87 адамның 28- інен оң нәтиже тіркелді. Оның ішінде 1 адамнан  қауіпті  вирус  саналатын метапневмовирусы анықталды.

Жетісу облысында 1 адамнан метапневмовирус анықталды
Фото: Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Облыс бойынша 2024-2025 жылдар аралығындағы эпидмаусымда 50 мыңға жуық ЖРВИ тіркелді. Оның 70% - ға жуығы 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға төмен. 

- Тұмау жұқпасының А (H1N1 09-pdm) – 18, В тұмауы -12 жағдайы анықталды. Тұмауға жатпайтын жұқпаларға зерттелген 87 үлгінің 28-і оң нәтиже берді. Оның ішінде Риновирус - 13 , Короновирус-7, Парагрипп -3 , Бокавирус - 2 , Метапневмовирус - 1 , Аденовирус - 1 , РС вирус - 1, - деді Жетісу облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.