Тұрар Рысқұлов көшесінің бойындағы "Жұлдыз" тойханасында мерекелік шараның болып жатқаны анықталды.
Шымкент қаласында карантин режимін елемеген тойханалар анықталған, деп хабарлады paryz.kz, polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізген. Нәтижесінде мегаполистің бас санитарлық дәрігерінің қаулысын сақтамаған кәсіпкерлік нысан анықталды. Ғимарат әл-Фараби ауданында орналасқан. Тұрар Рысқұлов көшесінің бойындағы "Жұлдыз" тойханасында мерекелік шараның болып жатқаны анықталды.
Осылайша, кәсіпкерлік нысан иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы ("Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу") бойынша іс-құжаттар жинақталған.
Материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға, яғни аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.