Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

«Әп-әдемі ән еді»: фонограммамен айтқан әнші ұятқа қалды

Домбыра шертіп, фонограммамен ән айтқан әншінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Әп-әдемі ән еді»: фонограммамен айтқан әнші ұятқа қалды
фото: видеодан скриншот

Видеода әнші домбырасымен ат-арбаның үстінде қазақ халқының әйгілі «Молдабайдың әнін» орындап келе жатқанын, бір мезетте аттың иттен үркіп, әншіні домбырасымен бірге құлатқанын, ал әннің сол уақытта фонограммамен орындалып жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары бұл Темір ауданының (Ақтөбе облысы) Н.Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйінің қойылымы екенін, Темір қаласының 150 жылдығына арналған торқалы мерекелік тойында болғанын айтты. Жұрт осы видеоға қатысты түрлі пікір білдірді.

«Шындық бар жерде өтірік байқап жүреді, шындық жок жерде шіреніп, шайқап жүреді», «Әп-әдемі ән еді, пұшық айтып қор қылды», «Құлап жатса да аузы жабылмайды ғой. Арттары ашылып қалды», «Біздікілер мықты, сальто жасап та айта береді», - деп жазды желі қолданушылары.