Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек Жаңа жылды анасымен қарсы алғысы келеді

Бельгиялық Жәнібек аталып кеткен Мұрат Савельев анасын әлі іздеп жүр, деп хабарлады Paryz.kz.

Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек Жаңа жылды анасымен қарсы алғысы келеді
фото: әлеуметтік желіден

«Биыл қуантқан, мұңайтқан сәттер де болды, бірақ, мені мазалайтын жалғыз сұрақ: «Анашым, қайдасың?». Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар, бұл сұрақтың жауабы түсінікті деп ойлаймын. Адамға өмірді бірге сүретін анасы, әкесі, аға-інісі, қарындас-әпкесі болуы керек қой. Бөлек қалып, жылап жүрмей, бірге жүріп, мықты болған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, ата-анаммен, аға-қарындаспен бірге Жаңа жыл мерекесін тойласам, керемет емес пе? Менің жаңа жылдық сыйлығым – өздеріңіз, бұл сөзсіз! Маған әке-шешемдей жақсылық тілеп отыратын қазақ елі бар деген ойдың өзі жүрегіме жылу сыйлайды», — деді — деп жазды Мұрат Савельев.