Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Жалған брокерлерге тән 5 белгі

Бүгінде инвестиция туралы көп айтылып жүр. Тиімді кәсіпорынға қаржы салып, пассивті кіріс алу ақылға қонымды әрі өте тартымды идея. Мұны білетін онлайн алаяқтар жеңіл ақшаға құмар «инвесторларды» тартып, брокерлік қызмет атқаруда. Назарларыңызға алаяқтарды танып, олардың айласына түспеуге көмектесетін 5 белгі бар деп жазады Paryz.kz.

Жалған брокерлерге тән 5 белгі
Фото: Paryz.kz

Төменде көрсетілген белгілердің бірнешеуі жалған брокерлер тән. Алайда, оның біреуін байқасаңыз да, бұл инвестициялауды ұсынып отырған компанияны тексеруге себеп бола алады.

  1. Қысқа мерзімде қомақты қаржы табу

Егер сізге салыстырмалы түрде қысқа мерзімде – бір аптада, бір-екі айда салымыңыздың мөлшері екі-үш тіпті он есе өседі десе, онда сақ болғаныңыз жөн. Біріншіден, нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға салынған инвестициялар қысқа мерзімде мұндай табыс әкелмейді, екіншіден, нағыз брокерлер ешқашан уәде бермейді, есесіне, белгілі бір мөлшерде кіріс табатыныңызға кепілдік бермейді. «Инвестициялық және венчурлық қорлар туралы» Заңға сәйкес бұған тыйым салынған.

  1. Аз ғана инвестиция салсаңыз да жеке менеджер, VIP бағдарлама немесе «сізге арналған» бірегей акциялар ұсыну

Ұзақ уақыт әңгімелесу, әлі ештеңе салмасаңыз да немесе аз ғана ақша салсаңыз да, ең үздік клиент екеніңізді айту – бұл да жалған брокерлерге тән белгі.

Биржаларда бастапқы кезеңде шарттар бәріне бірдей болады.

  1. Телефон арқылы немесе әлеуметтік желілерде инвестиция салуды ұсыну

Егер брокер сізге өзі қоңырау шалса немесе әлеуметтік желілерде аз ғана қаржы салып, көп пайда табатыныңызды айтса, сақ болғаныңыз жөн. Хабарласқан компанияның атауын жазып алып, Желідегі ақпаратты тексеріңіз. Біріншіден, осылай аталатын фирманың бар-жоғын, екіншіден, оның қандай да бір инвестициялық бағдарламаны іске қосқанын анықтаңыз. Сондай-ақ, іздеу жүйесінен компанияның атын және «алаяқтар» сөзін теріп көріңіз. Егер бұл фирма алаяқ болып шықса, немесе алаяқтар белгілі брендтің атын жамылып әрекет етсе, бұл белгілі болады.

  1. Брокер немесе комиссия қызметтеріне картадан картаға немесе онлайн әмиянға ақша аудару арқылы ақы төлеуді өтіну

Брокерлер мұны ешқашан өтінбейді. Егер ақша аударсаңыз, онда қандай да бір қызметтерге ақы төлегеніңізді дәлелдеу мүмкін болмайды, яғни, алаяқтарды жауапкершілікке тарта алмайсыз.

  1. Жарнамада танымал саясаткерлер, әлемдегі ең бай адамдар мен ірі брендтер бар

Қандай да бір елдің президенті, Илон Маск немесе ірі банк басшысы сізді инвестиция салуға шақыратын жарнама күмән тудыруы керек, әсіресе ол қандай да бір ресми ресурста емес, әлеуметтік желілерде орналастырылса. Кемінде, іздеу жүйесінде жарнамалаушының атын инвестициялық бағдарламаның атауымен немесе «инвестиция» сөзімен бірге теріп көріңіз. Көбінесе мұндай видеолар жасанды интеллекттің көмегімен жасалады және адамдарды алдауға арналған.

Осы белгілерге назар аудара отырып, алаяқтарды танып, жинақтарыңызды сақтай аласыз. Естеріңізде болсын: егер ұсыныс аса тиімді болып көрінсе, алданып қалмас үшін күдікті ақпаратты тексерген жөн.