Алайда қызының да өз шындығы бар. Ол пәтерді анасынан қарызға алған ақшаға сатып алғанын айтады...
Алматылық 82 жастағы зейнеткер Лидия Добриян туған қызы үйін тартып алғанын айтып шағымданды. Айтуынша, қызы пәтерді сатып, оған ақшасын бермей қойған, деп хабарлады paryz.kz, 31 арнаға сілтеме жасап.
82 жастағы Лидия Добриян бір кездері өзіне тиесілі болған пәтерді көрсетті. Ол кенже қызымен бірге 20 жылдан астам уақыт бұрын пәтерді сатып алғанын айтады. Бірақ ол мұнда тұра алмаған. Зейнеткер өз қызы алдап, үйді басқа адамға сатып жібергенін айтады.
"Мен ештеңе білмеймін дейді. Мен қай жерде өмір сүремін деп сұраған кезде, телефонды сөндіріп тастады. Маған пәтерімде тұруға мүмкіндік беруін сұрадым", - дейді Лидия Добриян.
Алайда қызының да өз шындығы бар. Ол пәтерді анасынан қарызға алған ақшаға сатып алғанын айтады. Ол 6 жыл бұрын 12 миллион теңгені қайтарған көрінеді. Келіншек анасын қумағанын, ол өзі кетіп қалғанын жеткізді.