Ақтау маңына құлаған Әзербайжан ұшағының ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Олардың үшеуі қаза тауып, екеуі аман қалды. Қаза тапқан экипаж мүшесінің біреуі - стюардесса Хокума Алиева, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Аман қалған жолаушылар бұл бортсерік ұшақ ішінде үрей орнай бастағанда жолаушыларды сабырға шақырып, қызметін адал атқарды дейді.
Желідегі видеоларға қарасақ Хокума «бәрі жақсы болады» деп жолаушыларға соңғы демі үзілгенше қолдау көрсеткен. Бортсерік Хокума Алиеваның әкесі қызы Әзербайжанның баспасөз құралдарына сұхбат бере отырып, қызы AZAL компаниясында 9 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын айтқан.
«Қызым осы әуе компаниясына 2016 жылы жұмысқа тұрды. Жұмыс істегеніне 9 жыл болған. 1991 жылы дүниеге келген. Тұрмыс құрмаған, баласы жоқ», - деді оның әкесі.
Борттағы экипаж мүшелерінің аты-жөндері: 1. Кшнякин Игорь 2. Кальянинов Александр 3. Алиева Хокума 4. Асадов Зульфугар 5. Рагимли Айдан. Айта кетсек, Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап түсті. Бортта 42 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Барлығы 38 адам қаза тапты. Бүгін Әзербайжанда Аза тұту күні.