Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қамауға алынған Шерзаттың әкесінің жағдайы қалай? — адвокат мәлімдеме жасады

Талғарда жанжал кезінде қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың отбасының адвокаты жақында 15 тәулікке қамауға алынған Қаржаубай Нұрымовтың жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Қамауға алынған Шерзаттың әкесінің жағдайы қалай? — адвокат мәлімдеме жасады
фото: видеодан скриншот

“Біз бүгін Қаржаубайдың хал-жағдайын білу үшін Қонаев қаласына келдік. Уақытша ұстау изоляторына кіріп, жағдайын біліп, амандасып шықтық. Бәрі дұрыс. Енді мұндай жерде отырған адамның хал-жағдайын сұрау ыңғайсыз дүние. Бірақ дені сау, ешкім қысым көрсетпеген. Жылы жерде отыр және тамағы уақытылы беріліп жатыр. Бұйырса, 25-і түнде шығады”, — деді адвокат Асылбек Абдраимов.

Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Болаттың бірнеше туысы қамауға алынған болатын.