Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шымкенттің мәдениет саласы дамып келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Жалпы, ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, яғни руханиятымызға баса мән бергеніміз жөн» деп атап өткен болатын., деп жазады Paryz.kz.

Шымкенттің мәдениет саласы дамып келеді
Фото: Астана опера

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарамасына қарасты 22 мәдениет ошағы халық игілігі үшін жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 3 мәдени орталық, 6 театр, 6 кітапхана, цирк, архив, мұржай мекемелер бар.

Шаһардағы мәдениет ошақтарының ұйымдастыруымен биыл жыл бойына 50-ге жуық ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілген. Бүгінге дейін оның түгелге жуығы өткізілді. Жыл соңына дейін оны бәрі өткізіліп, жалпы саны 100 мыға жуық көрерменді қамту межесі орындалмақ.

Шаһарда мемлекеттік мерекелерден басқа кәсіби және атаулы даталар бойынша іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, «Қазына» би ансамблінің 35 жылдығы, жазушы Момбек Әбдіәкімұлының 65 жылдығы, ақын, сықақшы Шона Смаханұлының 100 жылдығына мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылса, Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналып «Қарт Қожа» драмасының премьерасы сахналанды. Одан бөлек жазушы Бердікбек Соқпақбаевтың 100 жылыдығы және ақын Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдығы жоғары деңгейде атап өтілді.

Сонымен қатар, қаладағы мәдениет мекемелерінің  мерейтойлары  тойланды. Мәселен, А.Пушкин атындағы әмбебап кітапхананың 125 жылдығы, Жұмат  Шанин атындағы  қазақ академиялық драма театрының 95 жылдығы, көпшілік орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 70 жылдығы, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың 55 жылдығы, Әл-Фараби ғылыми әмбебап кітапханасының 10 жылдығы, «дет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының 10 жылдығы жоғары деңгейде атап өтілді.

Халықаралық театр күніне орай, соңғы жылдары өткізілмей кеткен, «Театр көктемі фестивалін», қалалық театрлар арасында қайта жаңғырды. Сонымен қатар, жаз мезгілінде қала тұрғындарының мәдени демалыстын тиімді ұйымдастыру мақсатында 27 шілдеден бастап әр сенбі сайын Басқармаға қарасты мәдениет мекемелері өнерпаздарының қатысуымен «Шымқала кештері» атты мәдени іс-шаралар циклын бастаған болатын. Бүгінгі күні Шымқала кештері қаламыздың жиырма нүктесінде он мыңнан аса көрерменді қамтыды. 

Шымкенттегі мәдени мекемелердің жеткен жетістіктері де аз емес. Атап айтсақ,  «Қазына» би ұжымы Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген республикалық байқауда ұлттық құндылықтарды насихаттауға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «НАУРЫЗ-2024» Республикалық Ұлттық сыйлығының «Үздік ұлттық би ансамблі» марапатына ие болды. Одан бөлек, 5-9 сәуір аралығында ансамбльдің бірқатар солистері Ресейдің Пенза қаласында өткен VIII халықаралық хореографиялық өнер фестивалі – «Өз жұлдызыңды жандыр» байқауына қатысып, «ПРОФИ» номинациясында гран-при иегері атанды. Сонымен қатар, «Жоғары кәсіби ұжым» арнайы марапатымен, халық және заманауи халық билері бойынша төрт түрлі номинацияда 
І орын иегерлері атанды.

25-30 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында өткен II Халықаралық «LAZGI» би фестивалінде I орынға ие болды. Сонымен қатар, «Қазына» би ансамблі «Қазыналы алтын сандық» концертімен Көкшетау, Петропавл, Астана қалаларына гастрольдік сапармен барып қайтты.  
Одан басқа, Әдет-ғұрып салт-дәстүр орталығының қызметкері, белгілі ақын Нұрлан Есенқұлов Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысына қатысып, ІІ орынды иеленді.

Қалаға қарасты өзбек театры Өзбекстан Республикасына, орыс драма театры Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласына, Қуыршақ және жасөспірімдер театры Өзбекстан Республикасының Самарқанд, Науаи, Қашқадария, Әндіжан, Ферғана облыстарына, сондай-ақ, Қырғызстан Республикасы, Ош қаласына «Шымкенттен шашу» гастрольдік сапарларын жасады. 

Өткен 6 ай ішінде Алматы қаласының JOL театры, Ақмола облыстық орыс драма театры, Өзбекстан Республикасының Ферғана, Андижон облыстық қуыршақ театрлары, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры, Өзбекстан Республикасының Сырдария облыстық музыкалық драма театры, Астанал қаласының Жас көрермен, Жастар театрлары Шымкент қаласына гастрольдік сапармен келіп кетті.