Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Шымкентте әлем чемпионын күтіп алды

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Нұрғиса Әділетұлы туған жеріне оралды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте әлем чемпионын күтіп алды
Фото: Шымкент келбеті

Ел мақтанышын Шымкент әуежайынан жанкүйерлері мен жақындары сән-салтанатпен күтіп алды. 

Жерлесіміз Бахрейннің Манама қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ұлттық құраманың спортшысы араға 10 жыл салып, 96 келі салмақты бағындырды. Осылайша, Нұрғиса Әділетұлы қоссайыс нәтижесі бойынша 388 (174+214) келі көтерді.

Айта кетейік, ел мақтанышы 2022 жылы Богота қаласы (Колумбия) өткен Әлем чемпионатында күміс медаль, Азия чемпионаты бойынша 2021 жылы Ташкент қаласы (Өзбекстан) - алтын медаль, 2022 жылы Манама қаласы (Бахрейн) - қола медаль, 2023 жылы Чинджу қаласы (Оңтүстік Корея) - күміс медаль иеленгер еді. Әлем кубоктары мен халықаралық жарыстарда Нұрғиса өзінің жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп жүлдегер атанды. 

- Әлем чемпионаты мен үшін өте сәтті өтті. Бүкіл белесте өзімді жақсы сезіндім. Жанкүйерлердің қолдауын сезіндім. Қазақ елінің. Әр жарыс бізді шыңдайды. Бұнымен тоқтап қалмаймын. Алдағы уақытта еліміздің туын әлемге таныта беремін,- дейді Нұрғиса Әділетұлы.