Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

2024 жылғы тұрғын үй беру жоспарлары Шымкентте белсенді іске асырылуда

Шымкент қаласында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Paryz.kz.

2024 жылғы тұрғын үй беру жоспарлары Шымкентте белсенді іске асырылуда
Фото: pixabay.com

Қала бойынша тұрғын үй кезегінде 51 360 азамат тіркелген. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары және мемлекеттік қызметшілер бар.

2024 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 1 000 азаматқа сатып алу құқығынсыз арендалық пәтер беру жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 414 пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде жетім балаларға – 136, көпбалалы отбасыларға – 138, халықтың осал топтарына – 140 пәтер берілген. Сонымен қатар, өткен жылдан өтпелі болған 280 пәтер иелеріне табысталды.

Түгендеу жұмыстары нәтижесінде 4 822 азамат тұрғын үй кезегінен шығарылып, пайдаланылып жатқан пәтерлердің жағдайы тексерілді. 2023 жылы 68 отбасының, ал 2024 жылы 39 отбасының тұрғынжайды мақсатсыз пайдаланып отырғаны анықталды. Осыған байланысты 2023 жылы 7 пәтер, ал биыл 28 пәтер мемлекет қорына қайтарылды.

Мемлекеттік «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары аясында жеңілдетілген несиелік шартпен 1 793 пәтерлік 60 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек. Оның ішінде 1 041 пәтер 2023 жылдан өтпелі жобалар қатарында.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.