Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шымкентте 40 мыңнан астам ерекше жанның оңалту бағдарламасына қатысты өтінімі мақұлданды

40 мыңнан астам ерекше жанның оңалту бағдарламасына қатысты өтінімі мақұлданды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте 40 мыңнан астам ерекше жанның оңалту бағдарламасына қатысты өтінімі мақұлданды
Фото: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қалада бүгінгі күні 41 532 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Олардың ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адам 4 658 тұрғынды құраса, екінші топтағы – 15 421, үшінші топтағы ерекше азаматтар саны – 13 485, ал 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың саны 7 968-ді құрайды. Баспасөз брифинг барысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Өтебаева ерекше жандарды оңалту бағдарламаларына да тоқталды. 

Мүгедектігі бар азаматтарға арналған оңалту бағдарламасы бойынша 2024 жылы 49 205 өтінім қабылданып, 40 275 өтінім қанағаттандырылды. Бұл өтінімдерге сурдо-тифло техникалық құралдар, гигиеналық құралдар, санаторлық-курорттық емдеу, ымдау тілі мамандарының қызметтері және жеке көмекші қызметтері кіреді.

Протездік-ортопедиялық көмек құралдары бойынша 9 067 өтініш қабылданып, 6 840 өтінім қанағаттандырылды. Сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша 23 019 өтініш қабылданып, 20 359 құрал берілді. 

Мүгедектігі бар азаматтарға арналған қызметтер тізімі де кеңейіп келеді. Мысалы, мүгедектерге арналған қоларба бойынша 1 473 өтініш қабылданып, 1 266 адамға қоларба берілді. Бұл көрсеткіш 86%-ды құрайды, өткен жылы бұл көрсеткіш 1 090 адамға қоларба берілген болатын.

Жеке көмекші және ымдау тілі мамандарының қызметі бойынша 2 937 азамат өтініш берген, және олардың 2 894-не қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш 98,5%-ды құрайды. 

Шипажайларға емделуге жолдама алу үшін 12 709 азамат өтініш білдіріп, 8 916 адам емделуге жолдама алды. 2023 жылы бұл көрсеткіш 6 644 жолдаманы құраған еді. Ал, Инватакси қызметі бойынша 28 көлікке 494 өтініш қабылданып, қызмет көрсетілуде.