Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шымкентте жұмыспен қамту шаралары жоғары деңгейде жүзеге асырылды

2024 жылдың 11 айында Шымкент қаласында жұмыссыздықпен күресу және тұрғындарды жұмыспен қамту шаралары жоғары деңгейде орындалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте жұмыспен қамту шаралары жоғары деңгейде жүзеге асырылды
Фото: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жоспар бойынша 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделсе, нақты 28 813 адам қатысып, жоспар 94,4%-ға орындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек мобильділігі орталығының директоры Бағдат Арқабаев баяндады. 

Қысқа мерзімді кәсіптік білім беру бойынша 3 732 адамды оқыту жоспарланған болатын. Нәтижесінде 3 376 адам оқуға жолданды, бұл 90,5%-ды құрайды. Олардың ішінде, 92 адам кәсіби біліктілікті тану (ваучер оқуы) бағдарламасына,157 адам жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға, 513 адам тұрғын білім беру ұйымдарында кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысса, 2 706 тұрғын http://xn--nbek-u4d.kz/ порталы арқылы онлайн-оқыту бағдарламасын таңдаған. 

Кәсіпкерлікті дамыту бағытында 4 176 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсету жоспарланған болатын. Нақты 3 777 адамға қолдау көрсетілді (90,4%). Олардың арасында 3 349 адам «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға тартылса, 428 қала тұрғынына қайтарымсыз грант берілді. 

Бағдат Мақсұтұлы өз баяндамасында субсидияланатын жұмыс орындарына да тоқталды. Бұл бағытта 7 453 адамға жұмыспен қамту шаралары ұсынылып, нәтижесінде 7 019 адам (94,2%) қамтылды. Олардың ішінде, 170 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 2 311 жас маман «жастар практикасы» бағдарламасына, 2 453 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыстарға, 1 274 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасына», 20 жас маман «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына, 791 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасты. 

Жалпы 14 846 адамды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру жоспарланған болатын. Нәтижесінде 14 641 адам тұрақты жұмысқа орналасып, жоспар 98,6%-ға орындалды.
Шымкент қаласында жүзеге асырылған жұмыспен қамту шараларының нәтижелері тұрғындарды еңбекпен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағытында айтарлықтай жетістіктерге жеткенін көрсетеді.