Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте сенбіліктер барысында 20 мың дана ағаш көшеті отырғызылды

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының 2024 жылдың 10 айында атқарған жұмысының қорытындысы туралы баспасөз брифингі өтті. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар жыл басынан жүзеге асқан жұмыстар, алдағы жоспарларды баяндады. Көгалдандыру, ирригация жүйелерін дамыту, саябақтарды, субұрқақтарды ретке келтіру жұмыстарының барысынан хабардар етті, деп жазады Paryz.kz.

Шымкентте сенбіліктер барысында 20 мың дана ағаш көшеті отырғызылды
Фото: pixabay.com

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһарда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Басқарма тарапынан қала аумағын көркейту мақсатында мердігер мекемелер тарапынан магистральді көшелердің қиылысына, айналма жолдар, жол жиектеріне 91 орынға көпжылдық раушан гүлдері отырғызылды. Осыған қоса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында, бюджеттің қаражатынсыз қала аумағына 5 гүлзар салу жұмыстары жүргізілуде.
Әл-Фараби көшесінің Алматы тас жолынан бастап Бадам айналмалы жолына дейінгі 7,5 шақырымдық, 142 500 шаршы метр аумақ көгалдандырылған. 

– Қазіргі уақытта Бадам өзені бойынша Еңбекші ауданының үш учаскесінде (Жыланбұзған, Тоғыс, Маятас) арнаны түзету жұмыстар жүргізіліп, ұзындығы 4,5 шақырым үйінді бөгеттер салынды. Бұл учаскеде жұмыстар 100% орындалды. Абай ауданындағы үш учаскеде (Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл) арнаны түзету және ұзындығы 4,5 шақырым үйінді бөгет салу жұмыстары атқарылуда. Бұл учаскеде жұмыстар 95 % орындалды. Жалпы жұмыстар 2024 жылдың соңында аяқталады, – деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, қала аумағында өткізілген көктемгі және күзгі сенбіліктер барысында аудан әкімдіктері тарапынан 20 мың дана ағаш және Әл-Фараби көшесінің бойына 7 826 дана ағаш көшеттері отырғызылды.