Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Шымкентте қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкентте қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Фото: otyrar.kz

Шымкентте қар тазалау жұмыстары ең алдымен, әлеуметтік маңызы бар нысандарға (аурухана, мектеп, балабақша, аяқ жолдар және т.б.) апаратын бағытта және қаладағы басты магистральді көшелерде жүргізіледі. 

Аяқ жолдарда көктайғақтың алдын алу мақсатында бес аудан бойынша 40-қа жуық шағын трактор іске қосылды. Ал, техника сыймайтын көшелер мен қиылыстарды коммуналдық қызметкерлер тазартып жатыр.

Ауа температурасы төмен және құрғақ қар түскен жағдайда қар алдымен күреледі. Содан кейін ғана инертті материалдар (құм, тұз) себіліп, артынша сыпыру жұмыстары орындалады. Ал, ылғалды қар жауса, бірінші кезекте инертті материалдар себіліп, кейін қар күреу жұмыстары жүргізіледі.

Әр техниканың жұмыс бағыты арнайы орнатылған GPS қондырғылары арқылы бақыланып, мұз қату қаупі бар аймақтарға жедел бригадалар жолданады. Тапсырмалардың орындалуын арнайы мониторинг тобы бақылап отыр.

Соңғы күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты тазалау жұмыстарына мердігер мекемелердің барлық техникасы толық жұмылдырылды. Басты көшелерді бір емес бірнеше техника бірігіп тазалады.

Алайда, бір күн бойы қардың толассыз, мөлшерден көп жаууына байланысты, бір мезетте барлық көшені қардан тазарту қиындық тудыруда.

Жалпы қала аумағында қар тазалау жұмыстарына 189 арнайы техника мен 500 қызметкер жұмылдырылған. Қазіргі таңда барлық мамандар екі ауысыммен тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.