Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Шерзат Полаттың әкесі қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов желтоқсан айының соңында бостандыққа шығады. Бұл туралы бүгін Сенат қабырғасында журналистердің сұрағына жауап берген  ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Шерзат Полаттың әкесі қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды
фото: видеодан скриншот

Ол алдымен тергеушілер Шерзат Полаттың өліміне қатысты 11 қылмыстық іс тергеп біткенін, іс материалдары осы жылдың соңына дейін екі тарапқа танысуға берілетінін айтты. Баланың өліміне қатысты 11 адам қамалған.

 «Ал, Шерзат Полаттың әкесі әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамалған болатын. Сот шешімі бойынша осы айдың соңында, мерзімі өткен соң босайды», - деп мәлім етті ол.